«Құқықбұзушылықпен күрес» тақырыбында 6-11 сынып оқушыларымен жиналыс » Макаренко атындағы орта мектебі
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » «Құқықбұзушылықпен күрес» тақырыбында 6-11 сынып оқушыларымен жиналыс
11
November
2022

«Құқықбұзушылықпен күрес» тақырыбында 6-11 сынып оқушыларымен жиналыс

Мемлекет басшысы Қасым-ЖоMarch Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында
 «Азаматтарды, əсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деген болатын. Осыған орай бүгін мектебімізде буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіріп, алдын алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерке Нартайқызының ұйымдастыруымен  «Құқықбұзушылықпен күрес» тақырыбында 6-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыста өткен шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог Балшекер Сайлаубекқызы, Құқық негіздері пәнінің мұғалімі Мұрат Бахтыбайұлы және  мектеп оқушылары қатысты.  Әдіскер әрі жас буынмен жұмыс істейтін мектеп психологы Балшекер Сайлаубекқызы  буллинг ұғымы, түрлері мен оның зардаптарын қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті. Құқық негіздері пәнінің мұғалімі әрі "Адал ұрпақ" ұйымының жетекшісі Мұрат Бахтыбайұлы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары мен ҚР заңнамасында көрсетілген құқықбұзушылыққа байланысты бірқатар заңдылықтарды атап көрсетті. Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын алу үшін  қоғамның барлық мүшесі  үнсіз қалмауы  қажет.  Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара  алдағы уақытта да жалғасын таппақ!