Мектепішілік пәндік олимпиада » Макаренко атындағы орта мектебі
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Мектепішілік пәндік олимпиада
13
November
2021

Мектепішілік пәндік олимпиада

Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 13 қараша күні мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:

1)  қазақ тілі мен әдебиеті;     

2) қазақстан тарихы; 

3) орыс тілі мен әдебиеті; 

4) ағылшын тілі; 

5) математика;          

6) физика;

7)  информатика; 

8) химия; 

9) биология; 

10) география;                              

Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатысты.Мектепішілік пән олимпиадасын өткізу бойынша арнайы бұйрық шығарылып, комиссия  мүшелері бекітілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан  оқушылар іріктеліп, аймақтық және облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.