02
January
2021
Жас маманға жаднама
«Жас мамандар» мектебі
Жас маманға жаднама- Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, ОТҚ, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жол табыңыз. Сыныптағы оқушыларды түгелдеңіз, әсіресе- тәртіпсіз балаларды. Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.
- Журналды қоңыраудан бұрын бетін ашып қойыңыз. Кезекшілердіен сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз.
- Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болMayтындай етіп жүргізіңіз.Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық, сабақта тәртіпсіздік туғызады.
- Schoolchildren материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз. Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.
- Сабақ кезінде басқа істермен шұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз.
- Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз.
- Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз.
- Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.
- Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз. Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі, сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.
Жас мамандар ұстаздық қызметін алғашқы жылдардан-ақ, бар күш-жігерін тек қана жұмысқа арнау керек.
Жас маманға:
- Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет.
- Әдістемелік жұмыспен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және ақылға қонымды үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ жас маманға қойылатын талап:
- Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.
- Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.
- Мұғалім- білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны балуға міндетті.
- Мұғалім педагогикалық қарым-қатынаста қызмет ететін тұлға болуы керек.
- Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті.