"Мобильді топ" түнгі рейд жұмыстарын жүргізді » Макаренко атындағы орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мобильді топ" түнгі рейд жұмыстарын жүргізді
14
ноябрь
2022

"Мобильді топ" түнгі рейд жұмыстарын жүргізді

Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алып, оқушылардың буллинг мәселесіне жол бермеу  мақсатында 2022 жылдың 12-14 қарашасы күндері кешкі сағат 19.00-23.00 аралығында "Мобильді топ" түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Мектебіміздің ер мұғалімдері: С.Талимжанов, А.Жунисбаев, Ғ.Адильбеков және Ә.Жаппасбаев бастаған "Мобильді топ" түнгі рейдтік іс –шарада Мерей және Көлді ауылының көшелерін аралап, кафе, дүкендерге  және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізді. Кәмелетке толмағандарға түнде көше кезіп, беймезгіл уақытта жүруге болмайтыны жайлы және оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.Рейд жүргізу барысында ешқандай  кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталмады және тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тек ата –аналарымен бірге жүрген отбасылары кездесті.