27
апрель
2023
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Бейбарыс сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты дөңгелек үстел өтті
8"Ә" сыныбында тарих пәні мұғалімі Гүлжан Уәлиқызының ұйымдастыруымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Бейбарыс сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Дешті қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлғаның өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеу.
Бейбарыс сұлтан бір жағынан түркі өркениетінің ілгерілеуін жалғастырса, екінші жағынан ислам мәдениетінің қорғанына айналды. Туған жерінен мыңдаған шақырым жердегі Мысырда жүрген Бейбарыс өз тамырын ұмытпай, ана тіліне, салт-дәстүріне ұқыптылықпен қараған. Оның сарайда тек ана тілінде сөйлегеніне шежірешілер мен тарихшылардың зерттеулері дәлел. Оқушылар осы аталған мәліметтер жайында біраз мағлұматтар алып, ұлы бабамыздың өмір жолына байланысты пікір алмасты.