Тарих-өткенге саяхат,келешекке өнеге » Макаренко атындағы орта мектебі
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Тарих-өткенге саяхат,келешекке өнеге
14
декабрь
2020

Тарих-өткенге саяхат,келешекке өнеге

2020  жылғы   04 желтоқсан  Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің тарих,география   пәндері бойынша апталық өткізу туралы, № 183-н бұйрығын негізге алып, өткізілген апталық туралы мәлімет.       

2020 жылдың 07-15  желтоқсан аралығында Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің   тарих,география  пәндері бойынша апталық  өткізілді.

2020 жылдың 07 желтоқсан күні  «Тарих өткенге сабақ,келешекке өнеге» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты қашықтықтан өткізілді.Ашылу салтанатында онкүндіктің мақсаты,міндеті және бағдарламаның кестесімен таныстырылым бейнеролик арқылы жүргізілді.


08.12.2020  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  «Ұлт көшбасшысы» атты Исмаилова Д.Н  (сыныптан тыс іс –шара) ұйымдастырды.Аталған іс-шараға  9 «В»  сынып оқушылары белсене қатысты.Оқушылар Елбасы НӘНазарбаевқа арнап өлең жолдарын оқыды.9 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Исмаилова Д.Н мен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайына барып,көптеген ақпараттарды білді.

09.12.2020 ж «Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі » атты тақырыбында Нүсібалиева Г.У қашықтықтан   ашық сабақ  өткізді.Ашық сабақты Write Reader сайты арқылы электронды оқулықты пайдалана отырып жасады.Оқулықтың әр бетінде батырмасы бар,аудио дыбыс та қолданылған.Оқу тапсырмалары,кері байланыс қамтылған.Сабақ жаңартылған бағдарламаға,қашықтықтан оқытуға сай жасалған.

 

10.12.2020 күні Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған  «Тұлғасы тұнған тәлім,есімі елге мәлім» атты  сыныптан тыс іс-шараны Искакова П. 6 «А» сынып оқушыларымен өткізді.Іс-шараның мақсаты:аты аңызға айналған,қазақтың біртуар перзенті,халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының  есімін ұлықтау,ерлігін дәріптеу.Оқушылар Бауыржан Момышулының өмірбаянымен таныстырып,қанатты сөздерін жатқа айтты.

10.12.2020 күні әдістемелік бірлестік мүшелері 6-9 сынып оқушылары арасында «Ұлт Қаһарманы» атты сурет байқауын  өткізді. 

11.12.2020 күні «Гидросфераның құрамдас бөліктері»атты 7 «А» сынып оқушыларымен Джолдыбаев Е.П ашық сабақ өткізді.Бейнесабақ Canva. com сайтында жасалған. Оқу тапсырмалары,кері байланыс қамтылған.

14.12.2020 «Тәуелсіз Қазақстан» атты 6 «В» сыныбының қатысуымен Кожабергенов М.Б сыныптан тыс іс-шара өткізді.Іс-шарада оқушылар Отан,Туған жер,Қазақстан туралы өлең жолдарын жатқа айтты.

15.12.2020 « Тарих өткенге сабақ,келешекке өнеге» атты апталықтың   жабылу салтанатты кеші өткізілді.Қорытынды есеп айтылды.Мектеп басшылары онкүндікке өз бағаларын берді.Онкүндікте өткізілген іс-шаралардан түсірілген суреттерден слайд және бейнематериал көрсетілді.Әр сынып өткізген іс-шараларынан  бейнеролик жасап,мектеп әкімшілігі әлеуметтік желілеріне салып отырды. Апталық барысында бірлестіктің барлық мұғалімдері ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Әр сабақ талданып, ұсыныс берілді.