16
November
2022
"ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес" тақырыбында іс-шара өтті
Бүгін мектебімізде «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес" тақырыбында мектеп медбикесі Айгерім Самжанованың ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шара өтті. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты оқушылардың АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың, жақындары мен достарының қауіпсіздігіне жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Мерей ауылдық амбулатория дәрігерлері ЖИТС-тен сақтану жолдары мен зақымдану ошақтары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, аурудың таралу жолдары жайлы бірқатар бейне-роликтер көрсетілді.