Аттестаттау портфолиосы » Макаренко атындағы орта мектебі
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
09
февраль
2021

Аттестаттау портфолиосы

Аттестаттау портфолиосы

«Педагогикалық шығармашылық»  портфолиосы
Құрылымы:
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны
1-бөлім. Педагогикалық іс-тәрбиесі туралы құжаттары.
  • Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
  • Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдардың бір формасын ұсыну:-педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;
  • Өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
  • Жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес).
  • Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес).
2- бөлім. Педагогтың ғылыми -әдістемелік қызметі.
  • Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми – тәжірибелік  конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің.
  • әдістемелік бірлестіктің , шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары,  көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
  • бұқаралық  ақпарат құралында, ағымдағы баспа сөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
  • тәжірибелік қызметтерге қатысқандағы туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • оқу - әдістемелік кешендердің , оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын.бағалау құралдарын талдау
Feedback жұмысының материалдары:
  • сабақтан  тыс шаралар және ашық сабақтар;
  • оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;
  • педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық  пікірлер;
  • білім беру ұйымы әкімшілігі растағаң оқушылардың соңғы үш жыл ішндегі оқу жетістіктерінің талдауы;
  • сынып журналы  негізінде  жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
  • соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғарғы оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың  пайызы, грнт бойынша да; оқытатын пәні бойынша  сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі.(5 жыл көлемінде)
  • Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық олимпиадалардың, конкурстардың , жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама
«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрлымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби  жетістігінің нәтижесі.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет
Сыртқы келбеті:
  • фото (5х6);
  • тегі, аты , әкесінің аты;
  • диплом бойынша мамандығы;
  • жұмыс орны, атқаратын қызметі;
  • білім беру ұйымындағы еңбек өтілі;
  • үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық , республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;
  • аттестаттау парағы ( Ереженің 8-қосымшасына сәйкес формасы бойынша);
  • жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;
  • білімі туралы диплом көшірмесі;
  • ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ммандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
  • қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;
  • алған (берілген) біліктілік санаты және оны  растауғ берілген педагог қызметкердіңөтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша ) Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген   сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
  • үкімет наградалары куәлігінің  көшірмесі;
  • дипломадар мен грамоталардың көшірмесі;
  • алғыс хаттарының көшірмесі;
  • сертификаттары мен куәлігінің көшірмесі;
Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:
  • дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
  • алғыс хаттарының көшірмесі; - сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі.
Портфолио бөлімдері
  • Басылымдар (таблица түрінде)   № мақала атауы, басылым атауы, күні , № жылы.
  • Педагогтың ғылыми -әдістемелік қызметі (таблица түрінде) № жұмыс атауы. Оқу әдістемелік құралдарының түрлері (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық жұмыс дәптері т.б. сынақ нәтижесі, күні.
  • Педагогикалық іс- тәжірибелерді жинақтау, таратушебер – сыныптар, семинарлар, байқаула, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (таблица түрінде) № Шаралар қалалық республикалық, халықаралық деңгейде дәлелдейтін құжаттар, күні.
  • Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5- тен көп емес) (таблица түрінде) № пән, тақырып , сынып/ топ , сабақ бойынша ұсыныс , пікірлер сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі , күні.
  • Сабақтан тыс қызметінің қорытындысы (3-тен көп емес) № қызмет, мазмұны дәлелдейтін құжаттар, сынып/топ, сараптама қорытындысы, күні.
  • Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № пән шаралар, нәтиже, дәлелдейтін құжаттар, күні.
  • Оқушылардың оқу жетегінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) № пән, сынып/топ, сараптау түрі, нәтиже (білім сапасы), күні.
  • Feedback нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) № бағалауға қатысушылар, бағалау пәні, сараптау түрі, сараптау жұмысының нәтижесі, күні.
Ескерту: №7 тараудан басқа тараулар соңғы 5 жыл көлемінде жасақталады.
Мұғалім портфолиосының құрлымы
Түсінік хат
Портфолио (portfolio- ағылшын сөзі.)- портфель сөзі -маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. « Шетелдің  жаңа сөздігінде портфолио визиттік  карточка есебінде қолданылады, яғни , адам туралы ақпарат, ұйымының белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Мұғалім порфолиосы дегеніміз не?Бұл оқушының педагогикалық қызметінің сапасы мен  жетістіктері туралы дәлелді құжаттары. Қолданыстағы атауымұғалім портфолиосы, педагог портфолиосы, электронды потфолио.
Мұғалімнің портфолиосын жасау.Бұл дәстүр қайдан пайда болған ? Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы  жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және  білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
  • жүйелілік;
  • мәліметтердің нықтылығы мен ауқымдылығы;
  • ақпараттың объективтілігі;
  • көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты - мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің жетістіктерінің талдауын қамту;
Портолио мұғалімнің  өз қызметіндегі  әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегінәтижелерін жинауына көмек береді.
Портфолио:
  • Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруніне , бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;
  • Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады. Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни  (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің  алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.
  • Портфолионы  электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерленген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының  электронды файлдар (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.
  • Портфолио педагогтың  сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордыңорынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.
  • Портфолио педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады.Педагог басқа  білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда  жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.
  • Директордың  оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональді міндеттеріне:
  • педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен ( материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға:
  • педагогқа жан-жақты  көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
  • мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы) .
  • Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін тануға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.