LESSON STUDY бойынша аудандық семинар өтті » Макаренко атындағы орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » LESSON STUDY бойынша аудандық семинар өтті
25
ноябрь
2022

LESSON STUDY бойынша аудандық семинар өтті

2022 жылдың 22 қарашасында А.С. Макаренко атындағы орта мектепте      LESSON STUDY бойынша аудандық семинар өтті . Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрғазы Айнұр Нұрғазықызы  және жетекші мектептердің координаторлары мен серіктес мектептердің зерттеуші-ұстаздары  қатысты. Семинар қонақтарын  Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының зерттеуші ұстазы, жетекші мектеп координаторы - Жетенова Ж.Б. серіктес мектептер арасындағы бірлескен жұмыс нәтижесімен таныстырып өтті. Лессон стади үдерісі мұғалімдердің кәсіби дамуының және мұғалімдерге оқушылардың оқу туралы қалай ойлайтынын білу үшін ең тиімді құрал.Ал серіктес мектептердің зерттеу бойынша бірлескен әрекеттері мұғалімдердің өзара әдіс алмасып, әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған. 

Биылғы оқу жылында  біздің мектепте 6 сынып бойынша зерттеу жүргізілуде. Бұл сыныптар өткен оқу жылында төмен білім сапасын немесе тәртібі жағынан қиындық туғызған сыныптар. Серіктес мектептер арасында  ортаңғы буынға  бейімделіп жатқан 5-сынып оқушылары мен жасөспірімдік кезеңге ауысып жатқан 8-сынып оқушылары бақылауға алынды.  Семинардың ашылуы мектеп директоры Бердыбекова Г.Б. кіріспе сөзімен басталды. 

  Мұғалімдерге жағымды көңіл-күй орнату үшін мектеп психологі Аймаш Б.С. психологиялық тренинг ұйымдастырды. 

Мектептің әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Касымжанова З.А. зерттеу барысында жиі кездесетін кедергілердің бірі зерттеу сұрағына қалай дұрыс шығу жолы бойынша мектептің тәжірибесімен бөлісті.

   Зерттеуші ұстаздар 5 «Ә» сыныбында  «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында  және 8 «А» «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» тақырыбында өткізілген   зерттеу сабақтарына қатысты. АБС деңгейіндегі оқушыларды бақылаушылар тізбектелген сабақтар барысында бақылауға алынған оқушылардың бойынан байқаған өсу динамикасымен таныстырды.

Семинарға келген ұстаздар зерттеу сабақтары бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. 

Аудандық  білім бөлімінің әдіскері Нұрғазы А.Н. мектебімізде жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына тоқталып,ұсыныстар айтты.