Мектеп миссиясы
Мектеп миссиясы
Біз, мұғалімдер,үнемі кәсіби даму арқылы және оқушыға жан-жақты қолдау көрсете отырып, табысты мектеп құрамыз
Мақсаты:
- Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру жұмысын жүйелі жүргізу арқылы білім беру сапасын 61% дан 62,5-63% көтеру.
- Дарынды оқушыларды «Дарын», «Зерде», «КҒА» ғылыми жобаларына және пәндік олимпиадаларға жүйелі дайындап қатыстыру.
- Тиімді жобалау тақырыбына семинар,вебинар,шебер-сынып өткізу арқылы 2021-2022 оқу жылында 10 жоба жұмысын шығару.
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы білім процесіне қатысушылардың оқырмандық деңгейін 75-80% ға жеткізу
- Зерттеу жұмысын жүйелі жүргізу арқылы оқу жылының соңында зерттеу нәтижелерінен құралған әдістемелік жинақ шығарып, аудан көлемінде іс-тәжірибемен бөлісу
Міндеттері:
- ҚР Білім туралы заңын жүзеге асыру;
- Бастауыш білім берудің, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау;
·Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту;
·Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру;
- Инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісін басшылыққа ала отырып инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру;
·Ақпараттық білім беру «Кundelik.kz» , «Онлайн мектеп» және т.б платформалармен сапалы, жүйелі жұмыс жүргізу;
- «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курстары және үйірме жұмыстарын жандандыру арқылы оқушылардың бойында қазіргі қоғам талабына сай білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1.Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру жұмысын жүйелі жүргізу арқылы білім сапасы 62,5-63 % көтеріледі.
2.Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушылар ғылыми жобалар дайындайды.
3.Оқу жылының соңында 10 жоба жұмысы бойынша презентация жасалып,мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
4.Жыл бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі әдістемелік жинақ түрінде шығарылады.
5. «Жаһандық құзыреттілік» таңдау және үйірмелер арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.