Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын талдау. » Макаренко атындағы орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын талдау.
03
сентябрь
2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын талдау.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы 
«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР- ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» тақырыбындағы 
Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша мектебіміздің ұстаздарымен жиналыс өткізілді.
Мектебіміздің директоры Бердыбекова Г.Б сөз алып,жолдаудың маңызды мазмұнымен таныстырып өтті.
 Әр әдістемелік бірлестік мүшелері Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауын  талдады.
Жолдауда Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек – деп елімізде болып жатқан індет туралы да айтып өтті.Білім беру саласы туралы физика пәнінің мұғалімі Иманкулова Раушан Есентугеловна сөз алып, жолдауда айтылған   маңызды ақпараттарды талдап өтті:
• қаңтар айынан бастап  педагогика саласының қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді;
• Қазіргі таңда педагогикалық мамандықты таңдап, оқуға түскендердің саны артты.
• Елімізден бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
• Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыруды ұсынды
• Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу қажет екендігін баса айтқан Президентіміздің сөзін әріптесіміз құптады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Үкімет пен Парламенттен жыл соңына дейін қажетті өзгерістерді заңнамаға енгізіп, оның келесі жылы қаңтар айында күшіне енуін қамтамасыз етілетіндігі жайында айтылды.Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды. Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырған жөн. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс. Бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейді» - деп нақты тоқталып өтті.