Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық байқауы болып өтті » Макаренко атындағы орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық байқауы болып өтті
06
декабрь
2022

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық байқауы болып өтті

Бүгін мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық байқауы болып өтті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Алмалыбақ аймақтық сайыс кезеңіне  жалпы 8 мектеп қатысты. Олар: Батан  орта мектебі, Қошмамбет орта мектебі, Кемертоған орта мектебі, А.С.Макаренко атындағы орта  мектебі, Алмалыбақ орта мектеп гимназиясы, Жамбыл 1 орта мектебі, Ұлан орта мектебі, Л.Толстой атындағы орта мектебі. 
        Сөз кезегін Алмалыбақ ауылындағы ОМГ директорының ТІЖО – А.Ерубаева алып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Алмалыбақ аймақтық сайысы шарттарымен таныстырды. 4 турдан тұраын сайысқа барлық мектеп оқушылары белсене қатысты. Әділ қазы мүшелерінің шешімі бойынша аудандық кезеңге жолдама алған Алмалыбақ ОМГ мен Ұлан орта мектебі, 2-ші орынды Қошмамбет орта мектебі, 3-ші орынды А.С.Макаренко атындағы орта  мектебі иеленді. Л.Толстой атындағы орта мектебі «Ең ақылды топ» номинациясымен, Батан орта мектебі «Ең жас қатысушылар» номинациясымен, Кемертоған мектебі «Ең белсенді топ» номинациясымен, Жамбыл 1 орта мектебі «Шығармашыл топ» номинациясымен марапатталды. Қатысқан әрбір топ мақтау қағаздарымен марапатталды.