Қайырымдылық акциясы » Макаренко атындағы орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2021

Қайырымдылық акциясы

«А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қайырымдылық  акциясы» негізінде жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет


«А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан оқушыларға көмек беру мақсатында Қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. 

Қазіргі таңда «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі порталына әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 ата-ана 23 оқушы тіркелді. Соның ішінде «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі порталынан 3 оқушы планшет және 1 көп балалы отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Алдағы уақытта демушілер тауып, басқа отбасыларна көмектер көрсетіледі.

Балаларымыздың денсаулығы үшін қол жетімді мүмкіншіліктердің бірі-мектеп стадионында орналасқан мұз айдынын ұтымды пайдалану. Сол себепті ауылдық хоккей клубының тренері В.С.Калашников және қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізілді. Отырыс нәтижесінде жағдайы төмен және үздік, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын 50 оқушыға мұз айдынына тегін сырғанау үшін талондар берілді. Бұл қайырымдылық жұмысы қыс мезгілі аяқталғанша өз жалғасын табады.






Әлеуметтік педагог                               А.Пердебаева