07
апрель
2023
"Құндылық, дәстүр, тәрбие" тақырыбында 7-11 сынып ұлдарымен кездесу
Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын қазақ халқы қашанда жастарын имандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеген. Сондай шараның жалғасы ретінде мектебімізде Мерей ауылының бас имамы Айдын Маратұлы "Құндылық, дәстүр, тәрбие" тақырыбында 7-11 сынып ұлдарымен кездесу өткізді.
Кездесуде ауыл имамы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен әлімжеттіктің қоғамға зияны туралы айтып, осындай жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.
Оқушыларды жат қылықтардан бойларын аулақ ұстау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кездесу соныңда ауыл имамы оқушылардың оқуларына жеміс тілеп қоштасты